Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 11 Тамыз, 2020

Ұлттық парк аумағындағы Аюсай жобасына мониторинг жүргізілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи пракінің мамандары және салынып жатқан"Аюсай жолығу орталығы" жобасының авторы бірлесіп экологиялық мониторинг жүргізді. Бұл туралы Іле Алатауы МҰТП фейсбук парақшасы хабарлады.  Кездесуге Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің Қоғамдық кеңесінің 13 мүшесі қатысты.
Жобаның авторы Александр Олегович Гужавин:
- "Аюсай жолығу орталығының" жеңіл құрылымдары туралы;
- Сергей Спициннің бастамасымен орнатылған спорт алаңы туралы;
- Геошуруптарда орнатылған Қоғамдық дәретхананың құрылымы, ағынды суларды 98%-ға дейін тазартуға мүмкіндік беретін микроорганизмдерменбиоотын тазарту жүйесі туралы және бұл су техникалық мақсаттарда қайта пайдаланылуы мүмкіндігі туралы баяндады. Тазарту құрылыстарының екі қондырғысы әрқайсысы 5 кубтан дәретхананың батысындағы жыраға орналастырылады, тазартылған су да сол жерге ағызылады. Дәретхана 5 ерлер мен 5 әйелдер кабиналарына және мүмкіндігі шектеулі адамдарға (бір әйел және бір ер) арналғаны туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, қатысушылар сапа және сәйкестік сертификаттарымен және объектінің паспортымен танысты.
Алдыңғы жалға алушылардан қалған бетон құрылыстары бөлшектеліп, олардың орнына электравтобустар үшін аялдама салынады.
Сондай-ақ, жақында ашылған «Тамыр» мектебі туралы айтылды, ол туристерді экологиялық ағарту, тау маршруттарындағы қауіпсіздік бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, сонымен қатар тау бөктерін қоқыстардан тазарту үшін еріктілерді тартады және қалдықтарды бөлек жинау және жою ережелерін түсіндіреді.
Қатысушылар тау өзенінің ағынынан құтқарған аюдың құрметіне атасы немере қызының атын «Аюсай» деп атағаны туралы қызықты аңызды тыңдады.
Қысқы кезеңде нысанды жылыту бойынша сұрақтар қойылды. Туранга групп төменгі станциядан, 250 кВ, қосылу туралы техникалық шарттар алды. Сондай-ақ, ыстық суға арналган күн панельдері бар.
Стационарлық мангалдарды орнату жоспарлануда.
Автокөлік съезін жолдан шектеу-жол бойында тұрақ қалталары қаралады.
Мұражайға жоспарланған келушілер саны күніне 1000-1800 адам. Қарбалас күндері Аюсай шатқалының алаңында 5 мыңға дейін адам болады деп күтілуде.

837 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз