Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Тамыз, 2020

Алматының зиялы қауымы Абай күніне қатысты үн қатты

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Ол - 10 тамызда атап өтілетін Абай күні. Алматының зиялы қауым өкілдері қазақстандықтарға Абай күнімен маңыздылығы туралы айтты. Айгүл Ісмақова: Дәл қазір адамдарға  Абай өте қатты қажет екенін айтуымыз керек 10 тамызда Абай күні алғаш рет ресми мереке ретінде аталып өтті.. Филология ғылымдарының докторы, профессор,  Абайтанушы Айгүл Ісмақова, қазақтың біртуар ақыны, философ, ағартушы Абайдың 175 жылдығына орай  Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында ұлы Абай мұрасының маңыздылығы туралы айтты. «Мереке адамға бір сәт кідіріп,  рухани күйіне назар аударуға  мүмкіндік береді. Абайдың шығармаларын оқу керек және дәл қазір адамдарға  Абай өте қатты қажет екенін айтуымыз керек.  Абайдың жазбаларынан қазіргі жағдайдан қалай шығуға болатынына жауап табуға болады (қазіргі коронавирустық пандемия жағдайы туралы).Әр адам өзін және айналасындағылардың  ауырып қалмауын ғана емес,   сонымен бірге бүкіл елге қалай көмектесуге болатындығы туралы ойлануы қажет. Біз бір-бірімізге мейірімді және ілтипатты болуымыз керек», - деп атап өтті Айгүл Ісмақова. Айгүл Ісмақова сонымен бірге, ұлы Абайдың өз еңбектерінде оқуға, ағартуға және сыни тұрғыдан ойлауға шақырғанын еске алды. Ол Абайдың шығармаларын карантин кезінде  қайта зерделеп,  оқуға кеңес берді. «Абай: "білімді адам-  ағартушы, зияткер тұлға болуы керек",- деді. Уақытқа сын көзбен, өзін-өзі тану тұрғысынан қарау керек. Қазір «қалайша табысты, бай болуға болады,  жылдам өзгеріп жатқан заманда қалай өзіңді  қалыптастыруға  болады» деген секілді тренингтер өтіп жатыр. Абай шығармалары - біздің замандастарымыз үшін ең үлкен қозғаушы күш. Абай - бұл өмірді лайықты сүріп,  абыройың мен қадір-қасиетінді қалай сақтауға болатындығы туралы мотивация жүйесі», - деп сөзін түйіндеді филолог. Жақып Алтаев: 10  тамызды Абай күні деп атап өту дұрыс шешім «Біз алғаш рет Абай күнін ресми мереке ретінде атап өтудеміз. Бұл  біз үшін қуанышты  сәт. Абай - ұлы ақын және философ, оны әлемге еліміздің ұлттық бренді ретінде таныстыруымыз керек. Абай мұрасын насихаттау -  жастардың санасына өзгерістер әкелуі керек, олардың білім мен ғылымға деген ұмтылысын арттыруы тиіс», - деді философия ғылымдарының докторы, профессор Жақып Алтаев. Сондай-ақ ол  Абай, Әл-Фараби сынды тұлғалары бар ұлт жоғалмайтынын атап өтті. Профессордың айтуынша, 10-шы  тамыз күнін- Абай күні деп атап өту дұрыс шешім. «Мұндай бастамаларды әрі қарай  жалғастыру керек. Біз әлемде Абай мұрасын, рухани құндылықтарын насихаттау арқылы өзімізді таныта аламыз. Жалпы, мен қазақ философиясының шетелде жақсы қабылданғанын байқадым. Мұны мен дәріс оқығанда олардың жастарының қызығушылығынан түсіндім. Көшеде, көпшілікке көрінетін жерлерде іс-шаралар өткізу және Ұлы Дала тұлғаларының өсиеттерін, олардың бай мұраларын тарату үлкен іс болар еді », - деді Жақып Алтаев. Жабал Шойынбет: Бұл күн бүкілхалықтық үлкен мерекеге айналуы керек Абай атындағы ҚазҰПУ "Абай" ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Хакім Абай» қоғамдық қорының президенті Жабал Шойынбет барша қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.  Абай университетінде жаңа мерекені қалай атап өткендерін айтып берді. «Үкімет басындағылар  Абайдың туған күнін  жариялап, барлық Абайтанушыларды  қуантты.  Мұхтар Әуезов Абайдың туған жерінде осы күнді тасқа ойып жазған. Бұл күн жалпыхалықтық сипатқа ие болып, Ресейдегі Пушкин күндері сияқты үлкен мерекеге айналуы керек », - деді Жабал Шойынбет. Сондай-ақ, ол осы күнге орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі ақынның мүсініне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, 175 жылдығына орай осы университет қабырғасында халықаралық ғалымдардың қатысуымен абайтанушылардың онлайн-конференциясы өтті. Шетелдік студенттерге казақ даласының ұлы ойшылы Абайдың  шығармашылығын таныстыру мақсатында арнайы кабинеті жабдықталған.

95 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Жеті айдың қорытындысы бойынша экономиканың базалық саласында оң өсім бар
Келесі мақала Мұрат Бақтиярұлы. сенатор: Бөлінген қаражат орынды әрі тиімді жұмсалуы керек

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *