Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Тамыз, 2020

Министрлік екі жаңа порталды іске қосты

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы (http://program.2gov.kz/) және мемлекеттік БАҚ порталы (http://news.2gov.kz) деп аталатын екі жаңа порталды іске қосты. Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен кезеңдері туралы, оларға жауапты және бақылайтын органдар туралы барлық ақпараттар, мультимедиялық мазмұндағы нұсқаулықтар, инфографикалар және т.б. орналастырылады. Порталдың мазмұны үнемі жаңартылып отырады, жақын арада оның Youtube-тегі арнайы арнамен бірігуі жүзеге асады. Мемлекеттік БАҚ порталы күн сайын Қазақстанның барлық өңірлерінен ресми ақпараттарды, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жаңалықтарын жариялайды. Осы БАҚ арқылы оқырмандар мен журналистер бастапқы дереккөздерден ақпарат алып, пайдалана алады.

512 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз