Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Тамыз, 2020

Сенаторлар жылу маусымына дайындық жұмыстары мен  жаңа жолдың сапасын тексерді

Сенат депутаттары Рашит Әкімов пен Дәурен Әділбеков жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Ақкөл қаласында сенаторлар қазандық пен жылу желілерін жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударды. Өйткені шаһарда көп пәтерлі үйлерді жылытуға қатысты туындаған мәселе бар. Сондықтан жергілікті әкімдіктің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – жаңа қазандық салу. Жаңа бір қазандық салу арқылы төрт бірдей ескі қазандықты алмастыруға болады. Осы мәселе бойынша қала әкімі құрылыс жұмыстарының басталғанын айтты. Оның айтуынша, бүгінде жаңа қазандықтың іргетасы құйылып, металл қаңқасы орнатылған. Ол алдағы жылу маусымында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар сенаторлар «Жаңа Колутон-Ақкөл-Азат-Минск» бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылармен кездесті. Жергілікті билік өкілдерінің сөзіне қарағанда, соңғы бірнеше жыл бойы жолдың аталған бөлігінің сапасы сын көтермей, халықты әбігерге салған. Соған байланысты биыл жөндеу жұмыстарына тиісті қаражат бөлініп отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы автомагистральдің ұзындығы 70 шақырымды құрайтынын айтты. Бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірінші бөлікке – 28 шақырым, екінші бөлікке 20 шақырым асфальт-бетонды жабын төселген. Бұл жоба келесі жылы аяқталмақ. Одан бөлек, сапар барысында  Сенат депутаттары карантин салдарынан уақытша жұмыссыз қалған отбасына барды. Рашит Әкімов пен Дәурен Әділбеков жергілікті билік өкілдеріне жұмыспен қамту мәселесін тезірек шешу керектігін, сондай-ақ, шағын және микро бизнесті дамыту қажеттігін айтты.  

420 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз