Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Тамыз, 2020

Компьютерге мұқтаж оқушыларды қолдайтын сайт ашылды

Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев жаңа оқу жылында балалар қашықтан білім алатынын еске сала отырып, компьютерге мұқтаж оқушыларға көмек қолын созғысы келетін компаниялар мен азаматтарды «OQY'SHYNY QOLDA!» акциясына қатысуға шақырды. ⠀ «Науқан қолдауға аса мұқтаж білім алушыларға меценаттар мен еріктілердің көмегі есебінен уақытша пайдалануға берілетін компьютерлік техника, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуға арналған», – деді комитет төрағасы. ⠀ Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, компьютерлерді бірінші кезекте ата-анасынан айырылған және ерекше қажеттілігі бар балалар алады. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар мен көпбалалы жанұяларға және ата-аналары мүгедек балаларға көмек көрсетіледі. ⠀ «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ләззат Шыңғысбаева компьютерге мұқтаж балаларға көмектесу үшін арнайы сайт ашылғанын айтты. ⠀ «qoldau.edu.kz сайтын тегін жасап бердік. Ол сайтта Білім және ғылым министрлігі растап берген 20 мыңнан астам баланың тізімі бар. Әр түрлі санаттағы жанұядан шыққан балалармен қатар, ауыл балаларына да көмек көрсетіледі. Баланың тізімге кірген-кірмегенін тексеру үшін, оның ЖСН-нің соңғы үш нөмірін арнайы формаға енгізу керек. Сол кезде қала, аудан, өңір, мектеп көрсетілген кесте ашылады», – деп түсіндірді Ләззат Шыңғысбаева. ⠀ Оның айтуынша, кестеде бірінші кезекте тұрған балалардың тізімі жазылған. Олардың барлығын қамтамасыз етіп болғаннан кейін науқанның екінші кезеңі басталып, басқа балаларға да көмек көрсетіледі.

89 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда 975 адам коронавирустан емделіп шықты
Келесі мақала Мал ұрлағандардың ісі сотқа жіберілді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *