Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Тамыз, 2020

Бауыржан Байбек Халықаралық жастар күнінде волонтерларға алғыс айтты

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен құттықтады.

«Елбасы мен Мемлекет басшысы бастамашы болған #BizBirgemiz республикалық акциясының белсенділері мен волонтерларына тағы да алғыс айтқым келеді. Осынау күрделі кезеңде біз жастарымыздың жанкештілігі мен үлкен жүректі патриоттығына куә болдық.

5 мыңнан астам жасотандықпен еріктілер бүкіл ел көлемінде мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін, маскалар мен бірінші кезектегі қажетті заттарды жеткізіп берді. «Jas Otan» волонтерлары Мақтарааралдағы су басудан зардап шеккен тұрғындарға да алғашқылардың бірі болып көмекке келді», - деп жазды ол.

Бауыржан Байбек жақында «Jas Otan» жастар қанатының бастамашы болуымен «Дәрігерлерге мың алғыс!» атты тағы бір акция өткенін жазды. Осы шара аясында бүкіл ел бойынша медицина қызметкерлеріне қымыз, шұбат және иммунитетті күшейтетін басқа да өнімдерден тұратын «Алғыс пакеттерін» жеткізіп берген.

«Ынтымақшылдық – партиямыздың басты құндылықтарының бірі. Ол рухы күштілердің әлсіз жандарға, бақуатты кісілердің тұрмысы төмендерге, денсаулығы жақсы адамдардың  науқастарға, жасы үлкендердің өзінен кішілерге жанашыр болуынан танылады.

Елімізде өздерін және айналасын жақсы жаққа қарай өзгертуге құштар ұрпақтың өсіп келе жатқаны сүйсіндіреді. Бұл – жасампаздыққа ден қойған, жауапкершілік ала алатын, ынтымақшылдық танытып, өзара қолұшын беруге дайын буын. #BizBirgemiz идеясының да мәні, осы», - деді ол.

Партия Төрағасының орынбасары «Nur Otan» партиясының алдағы партияішілік праймеризі жастардың өзін-өзі көрсетуіне, бәсекелік саяси күресте лидерлік қабілеттерін айқындауына мүмкіндік береді деп ойлайды.

«Біздің мақсатымыз – Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға алда болатын сайлауларға айқын партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін жаңа лидерлерді анықтауда барынша ашық іріктеу өткізу. Бұл үшін Елбасының шешімімен, 35 жасқа дейінгі жастарға Nur Otan-ның партиялық тізімдерінде арнайы 20%-дық квота көзделген. Праймериз барысында өз ауданы, қаласы, облысы үшін ең лайықты өкілдер таңдалып алынатынына сенімдімін. Олар белсенді түрде жастардың мүддесін қорғайтын болады», - деді Б. Байбек жазбасында.

«Nur Otan» лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, партияның жас жақтастары бесжылдық «Жастар – Отанға!» атты жастар бағдарламасының жобасын әзірледі.

«Әлемдік озық тәжірибелерді және еліміздің бүкіл өңірінен жастардан түскен 3 мыңнан астам ұсынысты ескере отырып дайындалған бұл құжат «Jas Otan» сайтында жарияланды. Бағдарламада жастардың негізгі 5 мәселесі қамтылып, оларды шешу жолдары ұсынылған. Біздің күш-жігеріміз қолжетімді баспана және жас отбасыларға қолдау көрсету, жұмыспен қамту, сапалы білім, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу секілді негізгі мәселелерге жұмылдырылатын болады», - деді ол.

Айтуынша, әрбір бағыт бойынша кешенді шаралар әзірленіп, нақты индикаторлар белгіленген. Бағдарламаның түпкілікті нұсқасы «Jas Otan» алаңында қыркүйекте талқыланатын болады. Сол уақытқа дейін әркім өз ескертулері мен ұсыныстарын енгізе алады.

60 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мал ұрлағандардың ісі сотқа жіберілді
Келесі мақала Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *