Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 12 Тамыз, 2020

Чемпиондар лигасы: Ширек финалдық кездесулер басталады

Бүгін, 12 тамыздан 13 тамызға қараған түні Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы матчы өтеді.

УЕФА коронавирустың қаупін төмендету үшін Чемпиондар лигасының матчтарын Португалияда өткізуге шешім қабылдаған.

Жартылай финалға берілетін алғашқы жолдаманы италиялық «Аталанта» мен франциялық «Пари Сен-Жермен» сарапқа салады.

Кездесуді QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 1:00-де басталады.

Айта кетейік, бұл кезеңде командалар бір матчтан ғана өткізеді. Барлық ойындар Лиссабонда өтеді.

1/4 финалдың өзге ойындарының өтетін уақыты:

13 тамыз

«РБ Лейпциг» – «Атлетико»

14 тамыз

«Барселона» – «Бавария»

15 тамыз

«Манчестер Сити» – «Лион».

85 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Әлем чемпионын атқан адам ұсталды
Келесі мақала Таеквондодан әлем чемпионаты өтпейтін болды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *