Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Тамыз, 2020

Абай мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін кімдер марапатталды?

Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды II дәрежелі «Достық» марапаттады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын:
 
II дәрежелі «Достық» орденімен
Америко Эдельсио   Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы  
Ганем Халед Ас-Саид   Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы  
Кибар Зафер   жазушы, Түркия Республикасы  
Кошут Леонард   әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы  
Манн Джейн   Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі  
Мәжит Ақбар     жазушы, Қытай Халық Республикасы  
Пряхин Георгий Владимирович   Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы  
Пуиг Мария Санчес   Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры, Испания Корольдігі  
Хачатрян Шушан   Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы  
Хуанчжан Ха   аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы  
Шатқам Қажымұхамет   жазушы, Иран Ислам Республикасы.  
  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
  Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                          Қ.Тоқаев   Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 тамыз

79 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматы облысының бас санитарлық дәрігері тағайындалды
Келесі мақала Мемлекет басшысы Сауат Мыңбаевқа бірқатар тапсырма берді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *