Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Тамыз, 2020

Ассамблеяның Абай фестивалі екі күнге жалғасты

10-11 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы «Абай күні» және ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай республикалық деңгейде онлайн поэзия фестивалін ұйымдастырды. Этномәдени бірлестіктер арасында ұлы ағартушының шығармашылығын насихаттап, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті паш етуге арналған поэзия фестиваліне бастапқыда мемлекеттік тілді еркін меңгерген 175 этнос өкілін қатыстыру көзделген болатын. Оларғақазақ тілінде175 өлеңін оқып, әлеуметтік желіде түрлі форматта бейнетүсірілім жариялау міндеттелген еді.  Алайда 130 дан астам ұлт өкілдерінің ақынға деген ерекше құрметі мен ілтипаты бұл межеден асып түсті. Нәтижесінде  ҚХА Баспасөз қызметіне 705 бейнеролик келіп түсті. Оның ішінде 521 қатысушы ақын өлеңдері мен аудармаларын қазақ тілінде асқақтатса, 127-сі басқа тілдерде айшықтауға тырысты. 126өнерпаз  Абай әндерін шырқап, қара сөздерін нақышына келтіріп жеткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев этнос өкілдерін қолдау үшін Абайдың 37 қарасөзін оқып, көпшілікке тарту етті. Барлық бейнежазбалар мен роликтер Ассамблея сайты мен өңірлік құрылымдарыныңFacebook, Instagram, Vkontakte, Youtube, Telegramm каналында, түрлі ақпараттық сайттарда жарияланды. Атсалысушылардың көптігіне байланысты поэзия фестивалі халықтық сипатқа ие болып, екі күнге жалғасты. Бұған қосымша, Абай күнінде ҚХА ғалымдары мен сарапшылары Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Абай – рухани реформатор» мақаласының маңыздылығын талқылап, беделді БАҚ беттерінде 50-ден астам пікір жариялады. ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде «Абайды таныту – борышымыз», «Наследие Абая – духовный оплот единства» мақаласы жарық көрді. Бұдан бөлек, Ассамблея Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекетінің абайтанушы-ғалымдары мен тарихшыларының қатысуымен «Абай: тарих және қазіргі заман» халықаралық конференциясын ұйымдастырды. Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Абай күніне арналған іс-шараларына республика бойынша 27 795  этнос өкілі қамтылса,  онлайн конференцияға фейсбук пен Zoom арқылы 965 сарапшы-ғалымдар мен тарихшылар қатысты

90 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстаннан БАӘ, Германия, Мысырға әуе рейстері ашылады
Келесі мақала Қазақстандықтарға қандай жағдайда Ресейге ұшуға рұқсат

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *