Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 17 Тамыз, 2020

Бірінші қыркүйектен бастап экология пәні жүйелі түрде басталады

Биылғы оқу жылынан бастап экология туралы қосымша білім беру, сынып сағаттары басталады. Бұл туралы экологиялық білімге қатысты Facebook-тегі KUN.KZ ашық медиа платформада өткен онлайн конференцияда айтылды.

«Экологиялық білім беру, экологиялық тәрбие беру мәселесі өзекті екені сөзсіз, сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі« пәнін енгізу туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырма берілгеннен бастап жұмысты бастап кеттік. Осы жұмысқа басқа мемлекеттік органдар да өте белсенді араласуда. Мемлекеттік емес ұйымдардан да өте жақсы ұсыныстар келіп жатыр. Бұл - осы мәселенің өте өзекті екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр «, - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Оның айтуынша, басты мәселе - Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау. «Біздің алдымызда дайын болсақ та, болмасақ та аталған пәнді 1 қыркүйекте мектеп бағдарламасына енгізу туралы талап тұрған жоқ. Біз ең алдымен берілетін білім мазмұнына, баланың жас ерекшелігіне қалай сәйкес келетінін және әдістемелік жағын да қарастырамыз. Мұндай жұмыс асығыс болмау керек. Сабақта, сабақтан тыс уақытта экологиялық білім беру өте маңызды. Бұл сабақты бір пән ішіне кіргізіп қойсақ - тиімділігі жоғары болмайды», - дейді ол.

inform.kz

304 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз