Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 18 Тамыз, 2020

Медициналық маскадан қауіп жоғары

Ұлыбританиядағы Портсмут университетінің мамандары бірреттік маскаларды қолданудан бас тартуға шақырды. Сарапшылар The Conversation басылымына берген сұхбатында  маскалардың денсаулыққа және қоршаған ортаға өте зиян болуы мүмкін екені айтқан, - деп жазады Lenta.ru.

Ғалымдардың айтуынша, елдер тіпті оқшаулану режимінен шығып, шектеулер алып тасталса да, адамдарға ай сайын миллиардтаған маска қажет болады.

 Зерттеу авторларының сөзіне сенсек, бірреттік маскалардың көбі ондаған және жүздеген жылдар бойы қоршаған ортада сақталатын пластикалық материалдардан жасалған.

Ғалымдар жерге тасталған маскалар қоқыс жинаушылар арасында коронавирустық инфекцияның өршуіне әкелуі мүмкін екенін айтады, өйткені вирус онда жеті күнге дейін сақталады дейді.

tengrinews.kz

625 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз