Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Тамыз, 2020

Данэлия Төлешова жартылай финалына өтті

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова америкалық «America's Got Talent» таланттар шоуының жартылай финалына өтті.

Танымал әлемдік шоудың ширек финалы бір күн бұрын тікелей эфирде өтті. Жартылай финалистер көрермендердің дауысы арқылы таңдалды. Дауыс беру АҚШ-тағы NBC сайтында өткізілді. Бірнеше қатысушы қазылар алқасынан қосымша ұпай алды. «Лос-Анджелесте менің жанымда анам және ұстазым Наталия Александровна бар. Біз сахнаға шығардың алдында қатты қобалжыдық. Мен академиялық педагог Гүлзат Даурбаевамен қосымша дайындалдым. Ауырып та қалдым. Бақытымызға орай, бәрі тез өтті. Баршаңызға рахмет! Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Мен қазір қандай күйде тұрғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Керемет атмосфера! Шабыттандырады екен. Мен енді келесі турға дайындаламын», - деп бөлісті Данэлия. Бүгін шоуға қатысушылар баспасөз мәслихатын өткізіп, АҚШ-тың БАҚ өкілдеріне сұхбат береді. Естеріңізге сала кетейік, ширек финалда қазақстандық 14 жасар жұлдыз Гарри Стайлздың «Sign of the Times» әнін тамаша орындап шықты. Оған көрермендер мен қазылар алқасы орындарынан тік тұрып қол соқты. София Вергара жас әншінің өнерін жоғары бағалады. Данэлия, анасы және ұстазы АҚШ-қа бірнеше күн бұрын барды. Шоудың барлық қатысушылары үшін міндетті шарт - бұл карантиндік шараларды қатаң сақтау.

«Біз ұшар алдында коронавирусқа тест тапсырдық. АҚШ-қа келген соң басқа қатысушылар сияқты, міндетті карантин шараларын сақтадық, тағыда тест тапсырдық. Біз қауіпсіздік шараларын қадағалаймыз, тіпті қызмет көрсетуде ешқандай байланыс болмас үшін қонақүйдегі тамақ есікке жеткізіледі «, - дейді Данэлияның ұстазы Наталия Чуракова. «America’s Got Talent» жартылай финалының уақыты мен қазақстандық жұлдыздың қандай композияция орындайтыны әзірге белгісіз.

inform.kz

522 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз