Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 20 Тамыз, 2020

Чемпион болатын уақыт келді

Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы қазіргі уақытта АҚШ-та алдағы жекпе-жегіне дайындығын пысықтауда. Білікті бапкер Бадди Макгирттің шәкірті өзіне 100% сенімді секілді. Талантты былғары қолғап шеберінің өнерін кәсіпқой бокс әлемінің аңыз адамдарының біріне айналған Джеймс Тонидің өзі жоғары бағалады.

Бүгін Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі арқылы бірнеше салмақ дәрежесінде чемпион болуды қалайтынын, әрі кез келген мықты қарсыласпен жұдырықтасуға дайын екендігін мәлімдеді.

 Жәнібек Әлімханұлы: "Қазір 168-дегі WBC чемпиондық белбеуі бос тұр. 160-та ешқандай чемпион шықпаса, салмақты көтеріп сол вакант титулға жұдырықтасуға дайынбыз. Кіммен және қай салмақта болса да бізге тезірек чемпион болу керек Мақсатымыз сол. Уақыт келді. Біз дайынбыз. Қазақ еліне +1 чемпион керек"- деген жазба қалдырды.

Qazaq Style лақап атымен таныла бастаған спортшымыздың алдағы жекпе-жегі қазан-қараша айларында өтуі тиіс.

234 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Жүзуден биылғы әлем кубогы өтпейтін болды
Келесі мақала Қожамбердиевтің қарсыласы кім?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *