Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Тамыз, 2020

Кірпіш құйған арулар

Дарбаза қақпасының құрылысына қыздардан құралған еріктілер тобы да атсалысуда.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындарды қайта жаңғырту жұмыстарына студент қыздардан құралған еріктілер тобы да белсене кірісті.

Арулар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде құрылған «Асыл Мұра» бағыты еріктілерді материалдық және рухани, мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмыстарына тартуда.
Осы орайда, Түркістан қаласындағы университет пен колледждердің студенттерінен құрылған еріктілер тобының 12 мүшесі Дарбаза қақпасының қабырғасын қалау жұмыстарына атсалысса, екінші бір тобы "Қазқайтажаңарту" кәсіпорнында өндірілетін реставрация қыштарын дайындауға үлес қосуда.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі  спорт факультетінің студенті  Наргиза Абдиева "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіндегі қайта жаңғырту жұмыстарына қуана келісіпті. Оның себебін сұрағанымызда:

- "Бұл жерде жұмыс істеу әркімге бұйыра бермейді деп ойлаймын. Бұл еңбек - біз үшін бақыт. Себебі бұл - тарихта қалатын дүние. Өзіміз мақтанышпен қараған, бізден кейінгілер де мақтанышпен қарайтын тарихи дүниенің бір кірпішін болса да біз қалағанымыз үлкен мәртебе",- дейді бір аптадан бері тынбай еңбек етіп жүрген ерікті жас Наргиза Абдиева.

-"Қақпаны қайта жөндеу жұмысына өз көмегімізді көрсетіп жатырмыз. Жұмыс қиын деп айта алмаймыз. Бізге барынша қыздардың шамасы келетін жұмыстарды қарастырып берді. Еріктілік деген қазақтың қанында бар қасиет қой. Мәселен, қазақта "Асар" деген ұғым бар. Жастайымыздан туған-туысымызға көмектесіп өстік, енді тарихымызға қолғабыс етіп жатырмыз",- дейді Мадина Қалматаева.

Өз кезеңінде  тарихи қызмет атқарған Дарбаза қақпасының қабырғасын қалауға және өзге де тарихи-мәдени ескерткіштерді күтіп-баптап, сақтап қалуға қажетті арнайы кірпіштер дайындалататын "Қазқайтажаңарту" кәсіпорнында да он екі ерікті қыз жұмылдырылған.

-"Реставрация қыштарын дайындау оңай емес екен.  Тынымсыз еңбек. Басында кішкене қорқыныш болды. Кәсіпорын мамандары барынша ықыласпен үйретіп, қыш дайындаудың қыр-сырын түсіндіріп жатыр. Бізге ауыр жұмыстар тапсырылмайды. Жұмысқа жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты түрде қолғабыс етіп жатырмыз деп ойлаймын",- деді Жәудір Мақсұтқызы

Айта кетсек, 2020 - волонтерлар жылына орай, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы Түркістан облысы және қала әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының басшыларымен меморандумға қол қойғанын хабарлаған болатынбыз.

Бірлескен келісімнің нәтижесінде жастар мен еріктілерге туризм, музей ісі және мәдени-көпшілік шараларға қатысуға, гид ретінде танытуға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, семинар, лекция, форумдар, қайырымдылық акциялары  мен кездесулерге ерікті түрде қатысып, аталған сала бойынша тегін оқыту курстарына да қатыса алады.

Тарихи орындарда жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалар мен қайта жаңғырту, өзге де жұмыстарға ерікті жастарды көптеп тарта отырып, музей ісін жастар бойына терең сіңіру жұмыстары алдағы уақытта жалғасын  табатын болады.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

923 рет

көрсетілді

1

пікір
Алдыңғы мақала ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ МЕДЕУ АУДАНДЫ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Келесі мақала Президент Түркістан облысына барды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Стремись не к тому, чтобы добиться успеха, а к тому, чтобы твоя жизнь имела смысл. https://helloworld.com?h=25fe0d35377ce79e57bbd80e12a1d0f8&

25 Қараша, 2020

Стремись не к тому, чтобы добиться успеха, а к тому, чтобы твоя жизнь имела смысл. https://helloworld.com?h=25fe0d35377ce79e57bbd80e12a1d0f8&