Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Тамыз, 2020

Президент Түркістан облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Президент сапар барысында Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездеседі. ​

Бұдан кейін Арыс қаласына барады. Онда былтыр жарылыс болған әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген темір жол вокзалын аралап көреді. ​

Қазақстан Президенті жұмыс сапарының соңында Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарын көріп, «Сапар орталығының» қызметімен танысып, жаңадан салынған «Жібек жолы» саябағын аралайды, - деп жазды Берік Уәли.

584 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Кірпіш құйған арулар
Келесі мақала Жалған ақпарат жарға жығады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *