Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Тамыз, 2020

Биыл 160 мыңнан астам алматылық құжат алды

Жеке басты куәландыратын құжаттар – жеке куәлік пен төлқұжат 10 жылға берілетіндіктен, адамдар көбіне оның мерзіміне қарауды ұмытып кетеді. Тіпті мерзімі өтіп кеткен құжатпен жүре беретін, кейін «әттеген-ай» деп сан соғып қалатын жағдайлар да жоқ емес. Және мұндай бейқамдыққа әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

Айта кету керек, эпидемиологиялық жағдайға байланысты еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару үшін кезекті алдын ала брондау тәртібі енгізілді. Сондықтан құжат мерзімін тексеріп, уақыты таяса, оны ауыстыру үшін алдын ала қамданып, кезекті брондап қойған жөн. Мемлекеттік қызметтердің дені электрондық портал арқылы ұсынылса да, тек қағаз жүзінде берілетін қызметтерге де сұраныс жоғары, сондықтан ХҚО-ға кезекті брондау қарқыны да үлкен. Бұл тұрғыда еске салайық, ХҚО-ға кезекті брондау қызметі тегін және ресми түрде egov.kz порталы, телеграм-бот EgovKzBot2.0 қосымшасыжәне 1414 байланысорталығыарқылыұсынылады.

Жеке бастыкуәландыратынқұжаттымерзіміөтуіне, аты-жөнінөзгертуіне, құжаттың зақымдалуы мен жоғалуына байланысты қайта алу үшін Қазақстанның кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады, бұл орайда азаматтың қай жерд етұратыны және қай мекенжайда тіркелгені маңызды емес. Ал жеке куәлікті алғашқы реет алатын азаматтар, яғни 16 жасқа жаңа толып жатқан тұлғалар тіркелген тұрғылықты жері бойынша  ХҚО-ға баруытиіс.

Биылғы жыл басынан бері  161 727 алматылық құжаттарын рәсімдепті.  Оның ішінде жеке куәліктер де, төлқұжаттар да бар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке куәліктер мен төлқұжаттардың мерзімін жиі тексеріп, уақыты таяса, оны ауыстыру үшін ХҚО-ға кезекті алдын ала брондап қою керектігін ескертеді.

300 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз