Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 21 Тамыз, 2020

Қожамбердиевтің қарсыласы кім?

Қазақстандық былғары қолғап шебері Еділ Қожамбердиев (9-2, 9 КО) 24 тамыз күні Алматыда өтетін бокс кешінде титулдық жекпе-жекке шығады.

boxrec.com сайтының мәліметінше, Tukeshov Boxing Promotions ұйымдастыратын кеште Еділ Қожамбердиев Өзбекстан өкілі Мухитдин Раджапбаевқа (12-7-1, 8 КО) қарсы жұдырықтасады. Бәске бірінші ауыр салмақта WBC/WBA тұжырымдары бойынша Азия чемпионы белбеуі тігіледі.

Аталмыш бокс кеші 25 наурыз күні өтуі қажет болатын. Алайда коронавирус індетінің таралуына байланысты іс-шара кейінге шегерілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Еділ Қожамбердиев өзінің соңғы жекпе-жегінде Алматыда өткен бокс кешінде үшінші раундта Әзірбайжан өкілі Казим Умудовты (3-2, 1 КО) нокаутқа жіберген еді.

190 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Чемпион болатын уақыт келді
Келесі мақала Кукушкиннің күші жетпеді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *