Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 21 Тамыз, 2020

Премьер-Министр «Роскосмос» басшысымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен кездесу өткізді.

Екі тарап ғарыш саласындағыҚазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады.

«Бәйтерек» бірлескен ғарыш зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен, «Гагарин стартын» жаңғыртудың үш жақты жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин қатысты.

 

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

232 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Бірінші қыркүйектен бастап экология пәні жүйелі түрде басталады
Келесі мақала Тоқаевтың Семей ядролық полигонының жабылған күніне байланысты Үндеуі

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *