Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 24 Тамыз, 2020

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бұған дейін Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасын басқарған Рустам Әли Амандық Баталовтың орынбасары болып тағайындалды.

Рустам Әли 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Шығыстану мамандығы бойынша (бакалавр, магистратура, докторантура), І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD). Бірқатар ғылыми зерттеу кітаптарының авторы және бірлескен авторы.

Еңбек жолын Алматы қаласында «Деловая неделя» газетінің тілшісі болып бастаған. Кейін Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер, «Каспий» Орта Азия мен Кавказдағы этномәдени және геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі, «Деловая неделя» газетінің халықаралық бөлімінің редакторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы, «Деловая неделя» газеті бас редакторының орынбасары, Талдықорғандағы «Жетісу жастары» МҚКК директоры, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың журналистика кафедрасының оқытушысы, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы, «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» Алматы облысы бойынша филиалының оқытушысы болды.

2016 жылдың мамырынан осы уақытқа дейін Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

151 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала 2021 жылы доллар бағамы қанша болатыны анықталды
Келесі мақала «Nur Otan» праймеризі. Кім, қалай қатысуда?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *