Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 24 Тамыз, 2020

«Nur Otan» праймеризі. Кім, қалай қатысуда?

Осыдан тура бір апта бұрын елімізде «Nur Otan»-ның партияішілік іріктеуі - праймеризге қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды.

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» праймеризі еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, бұл – Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын «қайта жандандыру» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі екенін айтқан болатын. Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау. Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір апта ішінде праймеризге қатысуға 7000-ға жуық адам өтініш берген. Олардың 34%-ы – әйелдер, оның ішінде 100-і – көпбалалы ана, . 24%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Сондай-ақ 51-і – ерекше қажеттілігі бар азамат. Бастауыш партия ұйымдары арқылы 2419 адам ұсынылса, 4496 кандидат – өзін-өзі ұсынғандар. Солардың бірі - «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының басшысы Жәмилә Садықова. Әлеуметтік желілердегі парақшасында ол өзінің денсаулық сақтау саласындағы білімін азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға пайдалану үшін праймеризге қатысатынын айтты. «Айтарым ғана емес, атқарсам деген істерім де жетерлік. Өз елімде декларативті емес, нақты, сапалы өзгерістер жасағым келеді. Қазақстандықтардың денсаулығын сақтау үшін темекіге қарсы бастамалар мен шараларды қолға алғаным сияқты бар күш-жігерімді салып жұмыс істеуге, өз үлесімді қосуға дайынмын», - деп жазды Жәмилә Садықова.

inform.kz

290 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз