Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Тамыз, 2020

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері жанданады

2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады, деп хабарлады ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін COVID19-ның таралуына байланысты, түрік тарапы 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстаннан жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын.

«Екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен жұмыс жүргізілді. Осылайша, Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп және COVID-19 таратылуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады»,– деп жазылған ААК хабарламасында.


261 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Елімізде жұмыссыздық жайлап барады
Келесі мақала Білім-Инновация лицейлері Мақтааралға көмектесті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *