Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Тамыз, 2020

Жаңа төраға тағайындалды

Берік Нәжімиденов ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Берік Нәжімиденов 1979 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Мамандығы — экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолын 2000 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастаған.

2002-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған.

2012-2014 жылдары Астана қаласы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары Қарағанды қаласында ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмыс істеді

2016 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.


227 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Дәрігерлерге айтар алғысымыз шексіз
Келесі мақала Қазақстанда ішкі туризм жаңа бағытта дамуда

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *