Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 24 Тамыз, 2020

Қорғалжында киіктер көбейді

Қорғалжын қорығында киік саны үш есеге көбейді. Бұл туралы қорық директорының орынбасары Жанат Жұртбаев мәлім етті. Табиғат қорғаушылар биылғы көктемде ұрғашылары егізден төлдегенін айтады.

«Қорықты мекендейтін жан-жануарлар мен құстардың барлығы бірдей қорғауда, соның ішінде киіктің орны бөлек. Биыл киіктің өсімі жақсы, өйткені төлдеуі сәтті болды, әр ешкі 2 лақтан төлдеді. Нақты айтсақ, 2018-2019 жылдары біздің қорықта 15-18 мың киік болса, биыл олардың саны 45 мыңға дейін жетті, яғни үш есеге дейін артып отыр», - деді Жанат Жұртбаев.

Айта кетейік, қорықтың құрылғанына 50 жылдан асты. Жалпы аумағы 700 мың гектарды құрайды. Мұнда балықтың 15 түрі, құстың 357, өсімдіктің 443, жәндіктердің 700 және жан-жануарлардың 45 түрі бар. Оның ішінде негізгі мекендейтіндер — киік, қабан, қасқыр мен түлкі.

301 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Елімізде өткен тәулікте 175 адамнан коронавирус анықталды
Келесі мақала «Сыбаға» бағдарламасының мүмкіндігі мол

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *