Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біле жүріңіз
  • 24 Тамыз, 2020

Алматылықтар жол жүру ережесін жиі бұзады

Алматы қалалық Полиция департаменті 2020 жылдың жеті айында жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша статистикалық деректерді ұсынды.

Шаһарда жыл басынан бері 134 мың 206 жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталған.  Оның ішінде жаяу жүргіншілер арасында 5435, жүргізушілер арасында 128 771 заң шеңберінен аттау фактісі тіркелді. Атап айтсақ, 713 адам мас күйінде көлік жүргізсе, төтенше жағдай жасау – 2 695, ал қарама-қарсы бағыттағы жолға шығу 192 рет аныталған. Ал ең көп, яғни 9 905 рет тіркелген жол ережесін бұзу фактісі – көше қиылысынан өту ережелері бойынша. Бұған қоса алматылықтар арасында жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу сынды қарапайым заңбұзушылықтар да жиі орын алады екен. Сонымен қатар, қауіпсіздік белбеуін тақпау –5 379, көлік тізгіндеп келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу –3 495, мемлекеттік нөмірі белгісіз көлік құралдарын басқару – 1 326, түтін шығару нормаларынан асып кету – 4 мың 087 фактілері тіркелді. 


241 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қорқордан қауіп жоғары
Келесі мақала Балаларға медициналық қолғап кию міндеттелмейді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *