Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 24 Тамыз, 2020

Қазақстанда зейнетақы көлемін арттыру ұсынылды

Қазақстанда келер жылдан бастап зейнетақы көлемін 7%-ға арттыру ұсынылды. Мұндай ұсынысты "2021-2023 жылғы республикалық бюджет" туралы заң жобасына Қаржы министрлігі енгізді.

Осылайша 2021 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі зейнетақы 43 272 болады деп жоспарлануда. Ал қазір ол - 40 441 теңге. Аталған заң жобасы 4 қыркүйекке дейін қоғамның талқылауында болмақ.

Сондай-ақ, әскерилер мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен құқық қорғау саласының мамандарына ай сайын төленетін коммуналдық төлем 3 739 теңге көлемінде бекітілуі мүмкін.

448 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз