Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Денсаулық
  • 24 Тамыз, 2020

Республика бойынша 2500 бала КВИ жұқтырған

Балалар арасында індет өршуі мүмкін деген ақпарат жалған. Үлкендермен салыстырғанда балалар вирусты сирек жұқтырады. Сондай-ақ жеңіл түрде ауырады немесе оның ауруы симптомсыз болады.  Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

Дегенмен, бұрыннан созылмалы сырқаты бар балалаларда асқыну болады. Індеттің таралуы басталғалы бері елімізде 2,5 мың бала инфекция жұқтырған. Олардың 111-і жаңа туған нәрестелер.

Вирус жұқтырған балалардың 80%-да ауру өте жеңіл өткен. Абырой болғанда, балалар арасында өлім тіркелген жоқ. Тек 2,5 мың баланың он алтысында инфекциядан кейінгі асқыну, яғни Каваски синдромы анықталған. Олардың жартысы толық жазылып шыққан. Жалпы қазіргі таңда 5673 адам стационарда ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 52 бала бар. 379 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 50 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

231 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Карантин қайта оралады
Келесі мақала Елімізде өткен тәулікте 184 адам коронавирус жұқтырған

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *