Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 25 Тамыз, 2020

Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылар белгілі болды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар Лигасының ойындарына шақырылған футболшылардың есімдерін жария етті.

УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы ойындары қыркүйек айының алғашқы он күніне белгіленген.

4 қыркүйектен 5 қыркүйекке қараған түні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Литвамен ойнайды. Ал, 7 қыркүйек күні біздің футболшылар өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны 31 тамызға жоспарланған.

Негізгі құрам:

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Астана»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Щацкий («Тобыл»);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков (екеуі де - «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де - «Қайрат»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де - «Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»), Олжас Керімжанов («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Аль-Айн», БАӘ), Бактиёр Зайнутдинов («Ростов», Ресей), Исламбек Қуат (клубсыз), Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен («Қайрат»), Асхат Тағыберген, Думан Нәрзілдаев (екеуі де - «Қайсар»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Қайрат»), Алексей Щёткин («Астана»), Максим Федин («Қайсар»).

Қосалқы құрам:

Қақпашылар: Владимир Плотников («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Юрий Логвиненко («Астана»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Александр Соколенко («Қызыл-Жар СК»);

Жартылай қорғаушылар: Георгий Жуков («Висла», Польша), Аслан Дарабаев («Жетісу»), Азат Нұрғалиев, Серікжан Мужиков (екеуі де - «Тобыл»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Қайрат»), Тимур Досмағамбетов («Ордабасы»);

Шабуылшылар: Сергей Хижниченко («Ордабасы»), Владислав Васильев («Рух», Беларусь), Бауыржан Тұрысбек («Тараз»), Роман Муртазаев, Оралхан Өміртаев (екеуі де - «Тобыл»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Артур Шушеначев («Қайрат»).

Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек - бас бапкер, Михал Хипп - бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов - дене дарялығы жаттықтырушысы, Николай Родионов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Тимур Құсайынов - сарапшы, Тадеуш Переход - дәрігер, Евгениий Карнаухов - массажист, Алексей Гудзев - массажист, Дмитрий Николаев - массажист, Максим Шауберт - менеджер.

255 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Кукушкиннің күші жетпеді
Келесі мақала ЦСКА Зайнутдиновты қанша миллионға сатып алды?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *