Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 25 Тамыз, 2020

Асқар Мамин астықты уақытылы жинауға тапсырма берді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы егін ору жұмыстары жөнінде министрлік пен әкімдерге бірқатар тапсырма берді.

«Жалпы, егін жинау науқанының қарқыны жаман емес. Енді оны одан әрі үдете түсіп, егін жинау жұмыстарын уақтылы аяқтау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыстардың әкімдері өнімді жинауды сапалы және уақытылы жүргізу жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдасын», - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.


А. Мамин егін жинау кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірушілерін дизель отынымен қамтамасыз етудің әрқашан маңызды екенін атап өтті. Бүгінде айтылған көлемге сәйкес арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Энергетика министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы өндірушілерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

«Егін жинаумен қатар, тиісті сақтау жағдайларын ерекше бақылау да маңызды. Элеваторлардың өнімді қабылдау мен сақтауға дайындығына үнемі мониторинг жүргізу қажет, сондай-ақ астықты алқаптан элеваторларға үздіксіз тасуды қамтамасыз ету керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, астық қабылдау кәсіпорындарының астықты сақтауға, сондай-ақ дымқыл астықты өңдеу мен кептіру шараларын уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз етсін», - деді Асқар Мамин.

Бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан, егін жинау қарқыны көбейгенін мәлімдеді.

 

 

204 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстандағы жетекші көпсалалы және бәсекеге қабілетті жоғары оқу орны
Келесі мақала 1 қыркүйекте Тоқаев халыққа жолдау жасайды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *