Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Тамыз, 2020

12 қыркүйектен бастап Мысырға ұшуға рұқсат етілді

Ведомствоаралық комиссияның 11 тамыздағы шешіміне сәйкес, 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге қатынайтын халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен қалпына келтірді. Бұл туралы ҚР Азаматтық авиация комитеті хабарлады. 

Нақтырақ тоқталатын болсақ:

  • БАӘ (11 рейс) - 17 тамыздан бастап Алматы - Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан - Дубай (5 рейс) бағыттары бойынша;
  • Германия (5 рейс) - 18 тамыздан Нұр-Сұлтан - Франкфурт (5 рейс);
  • - Беларусь (4 рейс) - 19 тамыздан бастап Алматы - Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан - Минск (2 рейс) бағыттары бойынша;
  • Украина (3 рейс) - 19 тамыздан бастап Алматы - Киев (3 рейс).

Египетке қатынайтын рейстер ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарланып отыр. 27 тамыздан бастап Қазақстан мен Түркия арасында қатынайтын тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады.

Ұшулар Көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындалады.

201 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Табысынан айырылған 2,3 млн адам 21 250 мың теңгеден алды
Келесі мақала Кезекші сыныптарға қандай талап қойылады?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *