Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Тамыз, 2020

Түркістан облысында жолаушылар автобусы аударылды

26 тамыз сағат 05:58-де Түлкібас ауданы Машат ауылынан 4 шақырым жерде жол көлік оқиғасы бюолды. Республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 649-650 шақырымында «Yutong» маркалы жолаушылар автобусы аударылаған. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, нәтижесінде жолаушылар мінген көлік жол жиегіне шығып, бір жағына қарай ауып кеткен. Автобус салонында 34 адам болған, оның 7-еуі балалар.

Алдын ала мәлімет бойынша, яғни сағат 07:35-тегі жағдай бойынша Сайрам ауданының орталық ауруханасына 17 адам жеткізілді. Ауруханаға зардап шеккен 6 адам жатқызылған, екеуінің жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің арасында балалар жоқ. Жол апатынан адам шығыны болған жоқ. Көлік жанармайы төгілмеген.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдапйлар департаменті, полиция және жедел жәрдем өкілдері жетті.

Еске сала кетейік, Ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында 17 тамыздан бастап карантин шараларын жеңілдеткенмен, қалааралық автобустардың қатынауына рұқсат еткен жоқ. 

274 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала «Сыбаға» бағдарламасының мүмкіндігі мол
Келесі мақала Түркістанда бірыңғай сервис іске қосылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *