Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 27 Тамыз, 2020

«Астананың» бас бапкері Михал Билек қызметінен кетті

«Астана» клубының басшылығы бас бапкер Михал Билекпен келісімшартты бұзды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

– «Астана» футбол клубы чехиялық маманға оның жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысына табыс тілейді.

Бас бапкердің міндетін «Питерборо» (Англия), «Вентспилс», «Рига», «Сконто» (барлығы - Латвия), «Ростов» (Ресей), «Саншайнз» (Нигерия) клубтарында бапкерлік қызмет атқарған, тәжірибесі мол маман Пол Эшуорт атқарады, - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, «Астана» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Беларусьтің «Динамосына» есе жіберіп, келесі кезеңге өте алмаған еді.

185 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ЦСКА Зайнутдиновты қанша миллионға сатып алды?
Келесі мақала «Манчестер Сити» Месси үшін 200 млн еуро беруге дайын

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *