Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Тамыз, 2020

Түркістанда бірыңғай сервис іске қосылды

Түркістан облысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бизнес субъектілері үшін «бір терезе» қағидаты бойынша барлық мемлекеттік қолдау шараларын және мемлекеттік қызмет түрлерін орталықтандырылған түрде көрсету мақсатында «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылды.


Өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына оң серпін беретін бұл сервисті пайдалану арқылы әрбір кәсіпкер өз бизнесін дамыту, құзыреттер мен қаржыландыруды арттыру мәселелері бойынша кең ауқымды қызметтер мен консультациялар алады. Кәсіпке байланысты түрлі қиындықтар туындаған жағдайда кәсіп иелері қайда жүгіну керектігін анық білетін болады.


«Бизнеске арналған Үкімет» сервисі қаржыландыру, өткізу, мемлекеттік қызметтер, құқықтық сүйемелдеу және құзыреттер сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді.


«Қаржыландыру» аймағында кәсіпкерлерге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржылық ұйымының қызметтері мен кеңестерін алып, екінші деңгейлі банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қызметтерін пайдалануға жағдай жасау жоспарланған.


Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы ахуал қалыптасқаны белгілі. Қазіргі уақытта облыс аумағында 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Бұл республика бойынша Алматы қаласынан кейінгі екінші орын болып саналады.


Соңғы статистикалық деректер бойынша Түркістан облысының ШОБ негізгі көрсеткіштері 2,4%-ға артқан. ШОБ арқылы халықты жұмыспен қамту бойынша облысымыз республикада 2 орын, ал ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі бойынша алғашқы орынға жайғасты.


Түркістан облысының әкімдігі жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өңірде белсенді іске асырылып,бағдарлама шеңберінде 65,6 миллиард теңге сомасына 445 потенциалды жобалар пулы қалыптастырылды. Бұл көрсеткіш республика бойынша көш басында. Аталмыш жобалардың 215-і қаржы институттары арқылы қаржыландырылды.


Жоғарыда аталған қолдау шараларынан басқа, 2020 жылдың соңына дейін «БЖК 2025» және Еңбек бағдарламалары, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» және «Ырыс» микроқаржы ұйымы» өңірлік қаржы институттары арқылы, АӨК дамыту бағдарламалары мен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ШОБ-ты қолдауға 84 миллиард теңгеге жуық қаражат бағытталуда.
Аталмыш шаралар нәтижесінде 50 мыңға жуық кәсіп иелері қаржылық қолдауға ие болады деп күтілуде.


Сонымен бірге, кәсіпкерлікпен айналысу кезінде әкімшілік кедергілерді барынша қысқарту немесе түбегейлі жою мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер секторына ерекше назар аударылатын болады.
Бірыңғай сервис пайдалану арқылы кәсіпкерлер жер қатынастары, қаланың сәулет және қала құрылысы, МСҚБ ұсынған мемлекеттік қызметтерді ала алады.


Сондай-ақ, кәсіп иелеріне рұқсат беру құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қызмет көрсетіп, кеңес беретін болады. Кәсіпкер КҚКО - ға құжаттарды ресімдеуге өтінім берген кезде жеке кәсіпкерлікті, заңды тұлғаны тіркеуден бастап кәсіпорынды іске қосуға дейінгі рұқсат беру құжаттары бойынша қызметтер кешенін алады. Бұл жұмыстар әкімшілік кедергілерді айтарлықтай төмендетеді және кәсіпкерлердің уақытын үнемдеуге оң ықпалын тигізетін болады.

325 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Түркістан облысында жолаушылар автобусы аударылды
Келесі мақала Үкаша ата кесенесінде құдық пайда болды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *