Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Денсаулық
  • 27 Тамыз, 2020

Дәрі-дәрмек мәселесі шешіледі

Дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі оң шешімін табатын болады.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді. 
 
"Алматы қаласының тұрғындарын дәрі-дәрмектермен және медициналық заттармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі басым бағыт болып қала береді және әкімдіктің тұрақты бақылауында. Жұмыс екі бағыт бойынша жүргізілуде - дәріханалардың жеке сату  сауда желісін қамтамасыз ету және қаланың медициналық ұйымдарын жабдықтау", - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова. 
 
Covid19 ауруының өсуі және дәрі-дәрмек препараттары мен медициналық бұйымдардың кейбір түрлеріне нарықтағы сұраныстың артуы кезінде,  қала әкімдігі қаланың бөлшек дәріханалық желілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды үздіксіз жеткізу, стационарлық нысандарды жабдықтау мәселелерін шешу үшін құрылған Жедел штабтың жұмысын істеп жатқанын естеріңізге саламыз. 
 
Әкімдік, жеткізушілер мен дәріханалар арасында келісімге қол қойылып, дәріханалар тізімі анықталды. Оларға әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық заттар мен бұйымдардың 69 атауы басымдық берілген тәртіппен жеткізіледі. 
 
"Қазіргі уақытта бұл тізім 105-тен 374 жүйе құраушы дәріханаға дейін кеңейтілді. Бұл дәрі - дәрмектердің жеткізілімін, олардың бағасы мен сатылымын реттеуге мүмкіндік береді", - дейді ол. 
 
Дәріханаларда қалған дәрілер мен күнделікті дәрінің сатылу мониторингісі 22 атау бойынша жүзеге асырылады, олар -  термометрлер және бір реттік медициналық маскалар. Бүгінгі таңда қоймалардағы қор көлемі  - 5,9 млн дана, серіктес дәріханаларда - көрсетілген 69 препарат пен бұйымның 1 млн.астам орамасы бар. Аса үлкен сұранысқа ие дәрілік заттар бойынша тапшылық жоқ.
 
 Қала дәріханаларында дәрі-дәрмектің бар екендігін хабарлау, қала тұрғындарының дәрі туралы  өтініштерін   өңдеу,  дәрілерді жеткізу туралы дәріханалардың сұранымдарын  қала тұрғындарына  ақпарат беру мақсатында Жедел желі   жұмыс істейді.   (тел.8-775-882-5602, 8-775-882-5672; сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін). 
 
Ағымдағы жылдың 13 шілдесінен бастап (45 күн),  жедел желі қызметінің нәтижесінде 4971 адам қажетті дәрілік заттарды тапты. Егер шілденің бірінші жартысында 1,1 мың өтініш болса, 26 тамызда 12 қоңырау мен 5 жазбаша өтініш келіп түсті. Яғни дәрі-дәрмектерге сұраныстың бірнеше есе төмендеуі байқалады. Бұл сөзсіз оң нәтиже  болып табылады.
 
 

214 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Коронавирус инфекциясын жұқтырудың 173 жаңа жағдайы тіркелді
Келесі мақала Ресейлік вакцина кімге қауіпті?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *