Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 28 Тамыз, 2020

Елімізде 8592 адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда 8592 адам коронавирустан емделіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігнің Telegram арнасынан хабарланды.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, коронавирустан емделіп жатқан азаматтардың арасында 38 сәби бар. Стационарларда 4 320 науқас жатыр. 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. «Жалпы науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 46 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.



341 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз