Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 28 Тамыз, 2020

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 12 триллион теңгеден асты

Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 12,1 триллион теңге болды.

«2020 жылдың 1 тамызына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинағы қалыптасты. Бір жылда зейнетақы жинақтарының сомасы 1,9 триллион теңгеге пара-пар немесе 19% өсті»,– делінген хабарламада.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,8 трлн теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 287,8 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары 2,1 млрд теңгені құрады.

Осы жылдың басынан бастап 1 тамыздағы жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 752,98 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 389,77 млрд теңгеге артық.

173 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Ардақ Әшімбекұлы жаңа қызметке тағайындалды
Келесі мақала Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *