Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 28 Тамыз, 2020

Жапонияның Үкімет басшысы отставкаға кетті

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ денсаулығына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Абэ баспасөз конференциясында мәлімдеді. Себебі үкімет басшысының ескі ауруы қайта сыр берген. Ал ақпарға қарағанда Абэ бұған дейін тамыз айында үш рет демалыс алған. Бірақ соңғы апталарда екі рет ауруханаға барып, тексерістен өткен. Жалпы бұл 65 жастағы саясаткердің екінші рет қызметінен ерте кетуі. Ол 2007 жылы да лауазымынан денсаулығына байланысты бас тартқан еді.

Айта кетейік, Синдзо Абэ 2012 жылы либералды-демократиялық партияны бастап сайлауда жеңіске жеткен. Содан бері Абэ Жапонияны 8 жыл басқарып, күн шығыс елінде премьер-министр лауазымында ең көп қызмет еткен тұлғаға айналды.


164 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Коронавирус: Бейжіңде індет жұқтырған бірде-бір адам жоқ
Келесі мақала Арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақ Ливаннан оралды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *