Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 29 Тамыз, 2020

Ассамблея Конституция күнімен құттықтады

Қазақстан халқы Ассамблеясы республика халқын мемлекеттік мереке Конституция күніңмен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Сіздерді  Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!

25 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда елдің Негізгі Заңы қабылданды. Конституция демократиялық даму бағытын айқындап, құқықтық жүйенің өзегіне және жалпыұлттық бірлік пен келісімге негізделген мемлекеттік құрылымды заманға сай құрудың жаңа белесінеайналды.

Мерейтойды атап өте отырып, біз осы кезеңде болған ауқымды тарихи өзгерістерді көріп отырмыз. Тұңғыш Президент – Елбасының сарабдал саясатының арқасында мемлекеттіліктің негіздері түбегейлі нығайтылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан – ашық нарықтық экономикасы бар, мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде стратегиялық сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын жаңғырту бағдарламаларын іске асырушы мемлекет ретінде бүкіл әлемдік қауымдастықпен мойындалғанжәнелайықты құрметке ие ел.

Конституцияда жарияланған шынайы қазақстандық құндылықтарды қорғау және оның нормаларын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету – әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы одан әрі табысты дамудың кепілі.

Ардақты ағайын!

 Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлары әрқашан бірге атап өтілуінің символдық мәні бар. Олар өткен уақыттың сын-тегеуріндеріне жауап ретінде бір жылда пайда болды және басты мақсат – Қазақстанның біртұтас халқын топтастыру және біріктіру мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Конституция күні әрқашан патриотизмнің және Отанға деген сүйіспеншілігіміздің символы болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, ынтымақ және береке-бірлік тілейміз!

 Қазақстан халқы Ассамблеясы

 

507 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз