Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 29 Тамыз, 2020

МӘМС: ШОБ қызметкерлердің тізімін жаңартып отыруы тиіс

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарна мен аударым  төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілерінеқызметкерлер сақтандырылған мәртебесін сақтап қалу  үшін әрайдың 25-не дейін  жұмысшылар  туралы мәліметті жаңарту  қажеттігін еске салады.

«Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жауапкершілікті сезінуі  маңызды. Сондықтан  кәсіпорындардағы  қызметкерлер сақтандырылып, МӘМС жүйесінде барлық қажетті медициналық көмек алуы үшін тізімдерді үнемі жаңартып отыруды сұраймыз. Біз кәсіпкерлермен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кіріс комитеті және олардың аймақтардағы ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз», – деді Қордағылар.

2020 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған кәсіпорындардағы жұмыскерлерінің тағы 65%  бойынша ақпарат өзектендірілмеген күйінде қалып отыр. Егер деректерді жұмыс беруші енгізбесе, қыркүйекте ШОБ қызметкерлерінің бір бөлігі жүйеде сақтандырылмаған болуы мүмкін деген қауіп бар.

Естеріңізге сала кетейік, алгоритмге сәйкес жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін мына сілтемеге  https://msb.fms.kz/login өтіп, БСН бойынша тізімнен өз ұйымын тауып, заңды тұлғаның немесе ЖК ЭЦҚ көмегімен Қордың ақпараттық жүйесіне тіркеліп, пайдаланушы келісіміне қол қою ерек. Бұдан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН қосу (Excel-де бір файлмен немесе әр қызметкерге жолма-жол).Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, оларды жаңарту керек болады. Ақпарат ай сайын мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі.

Егер  кәсіпорын қызметкері өзінің сақтандырылмағанын байқаса, онда ол деректерді qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы дербес жібере алады. Электрондық мекен-жайын, тегін, ЖСН, телефон нөмірін көрсете отырып, ШОБ субъектісінің атауын, жұмыс берушінің БСН / ЖСН көрсете отырып, өтінішті ресімдеу және еңбек шартын немесе тағайындау туралы бұйрықты бекіту қажет. Сәйкестікті растау кезінде қызметкерге бір айға уақытша мәртебе беріледі. Алайда, қызметкер жұмыс берушіге ол туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу қажеттілігі туралы еске салуы керек.

 

 

 

265 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз