Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 31 Тамыз, 2020

Алматыда кезекші сынып оқушылары қалай оқиды?

Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева кезекші сыныптардың оқушылары қалай оқитының айтып берді.

«Кезекші сыныптардың қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Созылмалы аурулары жоқ балалар кезекші сыныпта оқуға жіберіледі.Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларға санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтиды: маскалар, қолды тазалауға арналған антисептик немесе бактерияға қарсы сулы майлықтар»,– дейді Ләззат Жылқыбаева. Сонымен қатар, балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларына әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндіреді. Олар балаларды мектепке алып келіп, сабақ аяқталғаннан кейін алып кетеді. «Мектеп дезинфекциялаушы құралдармен қамтамасыз етілген. Кіре берісте дезинфекциялық төсеніш, тепловизорлар, тазартқыштар, дымқыл, дезинфекциялық тазалауға арналған құралдар болады»,– деді ол.

Сонымен қатар мектепте мынандай санитарлық ережелерді сақтау қажет: - әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымды ұлғайту; - әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін мектеп аумағын максималды пайдалану; - кабинеттік жүйені пайдаланбау; - сабақ арасындағы үзілісті әр сыныпқа әр түрлі уақытта ұйымдастыру; - кіреберістегі оқушылардың күнделікті температурасын өлшеу; - ауысым сайын, дәліздердегі, демалыс бөлмелеріндегі, залдардағы және басқа үй-жайлардағы, ауысым арасындағы ылғалды тазалау, есік тұтқаларын, ұстағыштарды, қоршауларды, баспалдақтарды, терезені дезинфекциялау; - медициналық кабинеттер мен изоляторлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету; - едендегі дәліздерде оқушылардың бір бағытта қозғалуына арналған белгілер қою, балаларды қабылдауға бір кіреберіс, балаларды сабақтан кейін шығуға бөлек есіктің болуы.

Кезекші сыныптардың жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар: 1)сынып мөлшері - 15 баладан көп емес; 2) сабақтың ұзақтығы 40 минут; 3) әр сыныпта әр түрлі уақыттағы үзілістер; 4) маска кию режимін қамтамасыз ету; 5) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру; 6) білім алушыға жеке парта мен орындық тағайындалады; 7) оқушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе тауарлары және т.б.) пайдаланады; 8) әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау; 9) әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды қолдану; «Сонымен қатар, арнайы түзету мектеп-интернаттарының бастауыш сынып оқушыларын оқыту дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады. Сыныптардың орташа саны 10-12 адамды құрайды. Биылғы жылы бастауыш сыныптардағы балалар саны 1034 оқушы 90 сынып бар»,– Ләззат Жылқыбаева. «Сұлусай» ықшамауданында орналасқан №197 мектепте оқыту дәстүрлі түрде іске асырылады.


inform.kz/kz

399 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз