Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 31 Тамыз, 2020

Әскерге шақырылғандар Отанға адал болуға ант берді

5800-ден астам мерзімді әскери қызметші Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Карантиндік шаралар жағдайында ант беру рәсімдері әскерге шақырылушылардың туыстарының қатысуынсыз ұйымдастырылған. Оларға рәсімге онлайн режимінде қатысу мүмкіндігі берілді.

Еліміздің әр өңірінен келген жастар эксаумақтық принцип бойынша бөлінген. Жас толымдар Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдерінде қызмет өткеретін болады.

Әскери ант қабылдар алдында жас жауынгердің курсы болды. Бір ай бойы әскерге шақырылушылар жалпыәскери жарғыларды зерделеп, саптық, атыс және дене дайындығын меңгерді.


inbusiness.kz

334 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз