Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 31 Тамыз, 2020

Мемлекет басшысы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мәжіліс депутаттарының бесінші сессиядағы жұмыс нәтижелері мен аймақтарға сапарлары, сондай-ақ, алдағы парламенттік сессия жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, депутаттар дәріханаларға, ауруханаларға арнайы барып, дәрі-дәрмектердің қорын тексеріп, оның бағасын бақылады. Сондай-ақ депутаттар еріктілер орталықтарының жұмысына да белсенді атсалысуда.

Қазіргі уақытта Палатаның заңнамалық қоржынында 75 заң жобасы бар, оның 22-не депутаттар бастамашы болған. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, олардың қатарында 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді одан әрі қалпына келтіруге, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға және т.б. салаларға бағытталған заң жобалары бар.

Мемлекет басшысы депутаттық корпус өз жұмысында Президент Жолдауы мен басқа да бастамаларды іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға басымдық беруі керек екенін айтты.

287 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматыда кезекші сынып оқушылары қалай оқиды?
Келесі мақала Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы жаңа үйлердің сапасын тексерді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *