Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 31 Тамыз, 2020

«Астана», «Қайрат», «Қайсар» клубтарының қарсыласы анықталды

Бүгін UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысының жеребесі тартылды.

Қызылорданың «Қайсарына» Кипрдің АПОЭЛ командасы қарсылас атанды. Естеріңізге сала кетелік, кипрлік клуб бұған дейін елордалық «Астанамен» үш мәрте жолы түйісті. Барлығы алты кездесудің екеуінде жеңді. Үшеуінде қарсыласына есе жіберсе, біреуінде тең ойнады.


Ал Алматының «Қайраты» екінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) және Боснияның «Железничар» (Сараево) клубымен жолығады. Алматылық клуб алғашқы кездесуде Арменияның «Ноа» командасын 4:1 есебімен жеңген болатын.


Елордалық «Астанаға» жарыстың бұл сатысында Черногорияның «Будучност» командасы қарсылас атанды. Бұл команда 1925 құрылған. Өз елінде төрт мәрте чемпион атанған.


«Астана» бұдан бұрын Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Беларусьтің «Динамо» (Брест) клубына 3:6 есебімен есе жіберді.

Шымкенттік «Ордабасы» алғашқы іріктеу сатысында Румынияның «Ботошани» клубына 1:2 есебімен есе жіберді. Осылайша жарыс жолынан шығып қалды.

inform.kz



 

285 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала "Барселонаның" Мессиге қолданатын жазасы белгілі болды
Келесі мақала 2021 жылғы Қысқы Универсиада кейінге шегерілді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *