Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Қыркүйек, 2020

Президент: Учаскелік инспектордың мәртебесін көтеру керек

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдауында мәлімдеді.

«Учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық тұрғыда көтеріп, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін мүмкіндік беру керек. Ол азаматтарға таныс, қолжетімді және беделді болуы керек», - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялауда.

Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады.

280 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз