Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 01 Қыркүйек, 2020

Фируза Шарипова келесі жекпе-жегіне дайындалуда

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (11-1, 6 КО) кезекті жекпе-жегінің өтетін күнін жариялады. Қазіргі уақытта IBA тұжырымның чемпионы дайындық жұмыстарын пысықтауда.

«24 қазан күні Қазан қаласында Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын турнирде менің кезекті жекпе-жегім өтеді. Жақында қарсыластың есімі де белгілі болады», - деп жазды спортшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 22 тамызда Қазан қаласында Шарипова Танзаниядан келген қарсыласы Хэппи Даудимен (8-7-1, 4 КО) жұдырықтасып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бәске IBA нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионының белбеуі тігілді. Бұл қазақстандықтың 2019 жылдың сәуірінен есептегендегі бірінші жекпе-жегі еді.


168 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қанат Ислам шаршы алаңға қайта оралады
Келесі мақала Литва - Қазақстан матчына кім төрелік етеді?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *