Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Қыркүйек, 2020

Із-түссіз жоғалған жасөспірім табылды

Алматы облысының полицейлері бір ай бұрын із-түссіз жоғалған жасөспірімді тапты.

1 тамызда Талдықорған қаласы ПБ Шығыс бөлімшесіне облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны хабырласып, 18 шілде күні 15 жастағы ұлының үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайта оралмағанына арызданған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары іздеу жарияланған жасөспірімді тауып, анасына табыстады. Ата-анасының тарапынан сын айтылған соң, оларға өз тәуелсіздігін дәлелдеу мақсатында жасөспірімнің үйден кеткені белгілі болды.

Талдықорған қаласы полицейлерінің күш-жігерінің арқасында жоғалған баланың мекенжайы анықталды.Анасы ұлын аман-есен тауып берген полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтты. Жасөспірімнің айтуынша, осы уақыт ішінде ол жалдамалы пәтерлерде және достары мен таныстарының үйінде тұрып, кездейсоқ табыс табумен өмір сүрген. Осыған орай кәмелетке толмаған бала қаңғыбастыққа бейім адам ретінде есепке алынды, ал анасына тиісті ескерту жасау туралы шешім шығарылды.


228 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматыда жалғыз мектеп офлайн режимде бала оқытуда
Келесі мақала Қазақстанда балабақшаларға балалардың 18,7 пайызы барады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *