Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда балабақшаларға балалардың 18,7 пайызы барады

Ата-аналардың сұрауы бойынша балабақшаларға балалардың жалпы санының 18,7 пайызы барады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

«Еліміз бойынша мектепке дейінгі біліммен 900 мыңға жуық бала қамтылған. Карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналардың қалауы бойынша балабақшаларға балалардың жалпы санының 18,7 пайызы барады», - делінген министрлік мәліметінде. Қазіргі кезде елімізде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 15 709 кезекші топ жұмыс істейді. Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мектептер мен балабақшалар айрықша бақылау нысанына айналуы тиіс екенін айтқан еді.



288 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз