Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 02 Қыркүйек, 2020

Ұлттық банк жанынан жаңа комитет құрылады

ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясы туралы айтып берді.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Ұлттық банк тиісті шараларды қабылдайды. Президенттің бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес, Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясы әзірленуде. Жолдауда аталып өткен жүргізілетін саясаттың тиімділігі мен айқындылығын арттыру жөніндегі тапсырмалар стратегияда ескеріледі. Стратегияны бекіту елдің 2025 жылға дейінгі жаңартылған Стратегиялық даму жоспары қабылданғаннан кейін жоспарланып отыр», - деді ҰБ басшысы Үкімет отырысында. Оның айтуынша, ақша-кредит саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру әрі валюта нарығын тұрақтандыру үшін Үкіметпен бірлесіп, валюталық түсімді елге қайтаруға арналған қосымша шаралар пысықталады. Сонымен қатар, экспорттаушылардың оны іске асыруы үшін қолайлы жағдай жасалады.

«Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясында Ұлттық банк жанында Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құру ескеріледі. Оның басты міндеті - базалық ставка мен оның дәлізінің мөлшері бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау болады. Орта мерзімді перспективада оған тәуелсіз мүшелер кіреді. Заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер 2020 жылдың соңына дейін енгізіледі», - деп түсіндірді Е. Досаев.

inform.kz 

205 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Елімізде пневмониядан 103 адам емделіп шықты
Келесі мақала Үш депутаттың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды 

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *