Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 02 Қыркүйек, 2020

Қолдауға тұрарлық Жолдау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған жолдауының бір бағыты мемлекет дамуының негізі болып саналатын білім мен ғылым мәселелеріне арналғаны қуантады. Осылайша, Президент жыл сайын Қазақстан ғалымдарына әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуді, сондай-ақ «Жас ғалым» бағдарламасы аясында жас ғалымдарға мың грант бөлуді ұсынды. Мемлекет басшысы педагогтарды әлеуметтік қолдау мәселесіне ерекше назар аударды. Бүгінде бұл көтерілген мәселенің жай ғана сөз емес, іс жүзінде жүзеге асып жатқандығының куәгеріміз. Мәселен, өткен жылы Қ.К.Тоқаев Үкіметке Педагог мәртебесін және мұғалімдердің жалақысын арттыруды, отандық ғалымдарға ерекше назар аударуды, білім беру саласын жан-жақты қолдауды тапсырған болатын. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, білім беру гранттарының саны едәуір артты. Осылайша ұстаздардың қоғам алдындағы жауапкершілігі артты. Білім берудің әлеуетін арттыру, оның ішінде алдағы уақытта оқытушылардың жалақысын өсіру мәселесі де жоспарлануда. Педагог қызметкерлердің жалақысын көтеру және оларға деген мемлекеттің ерекше назары білім сапасына оң әсер етері сөзсіз.

 

Орта білім беру саласының алдында кәсіби кадрларды даярлау тұрғысынан мемлекеттің үмітін ақтау міндеті тұр. Яғни, жасампаз шығармашылық кәсіби мамандарды дайындап, ел игілігіне қызмет істеуге жұмылдыру. Техникалық және кәсіптік білім беру бағытындағы негізгі міндеті – Қазақстан Республикасын білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылардың деңгейіне шығару.

 

Мәселен, біздің «Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжіне» мемлекеттік тапсырыс бойынша, жылына 350 орын бөлінеді. Білімалушылар толық шәкірт ақымен және бір уақыттық тегін тамақтанумен қамтамасыз етілген. Мұның өзі Президентіміздің елімздегі ТжКБ беру саласына деген үлкен қамқорлығы.

           

Біз өз еліміздің азаматы ретінде Президент Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын бір ауыздан қолдаймыз және жұмыла іске асыруға міндеттіміз!

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің ұжымы

 

 

432 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда балабақшаларға балалардың 18,7 пайызы барады
Келесі мақала Жолдау институт сарапшыларының көңілінен шықты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *