Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Қыркүйек, 2020

Президент Жолдауын жүзеге асырудың Жалпыұлттық жоспары жасалады

Президент Жолдауын жүзеге асырудың Жалпыұлттық жоспары жасалады

Президент Жолдауының барлық бағыттарын іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспар жасалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.

–Президент мемлекеттік басқаруды жетілдіру, кадр саясатын, шешім қабылдау және олардың орындалуы үшін жауапкершілік жүйесін қайта қарау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Бірқатар, оның ішінде Мемлекет басшысына бағынысты мемлекеттік органдар құрылады. Осы міндеттерді орындау үшін Үкімет жедел және нақты шаралар қабылдауы қажет, - деді ол.

Асқар Мамин Жолдауды белгіленген міндеттерді тиімді орындау үшін үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

–Мемлекет басшысының Жолдауын толық және уақытында іске асыру үшін қажетті ресурстар мен құралдар бар. Осы ретте Жолдауды белгіленген міндеттерді тиімді орындау бойынша үйлесімді жұмысты қамтамасыз етуіміз қажет. Мемлекеттік органдарға Жалпыұлттық жоспар бойынша ұсыныстарын 4 қыркүйекке дейін Ұлттық экономика министрлігіне енгізуді тапсырамын. Келесі отырыста Мемлекет басшысының бекітуіне енгізу үшін Жалпыұлттық жоспардың жобасын қарастырып, мақұлдауымыз керек, - деді Асқар Мамин.

204 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда балабақшаларға балалардың 18,7 пайызы барады
Келесі мақала Кипрлік қамал. «Қайсардың» қарсыласы жайлы не білеміз?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *