Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 02 Қыркүйек, 2020

Теңге әлсіреп, несиелер арзандай ма?

Нарықтағы кәсіби сарапшылардың, мамандардың теңге бағамына қатысты көңіл-күйлері күрт нашарлаған. Теңге/доллар жұбы бойынша бір жыл аралығының болжамы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) пайда болғалы бері сұрау салулардың бүкіл кезеңіндегі ең жоғарғысы болып табылды. Бұл туралы қауымдастық сайтының талдауынан айқын аңғарамыз.

Айта кету керек, ҚҚҚ өзінің ай сайынғы сұрау салу­лары­ның нәтижелерін ұсыну тұрпа­тын өзгерткен. Кестелер орнына инфографика жай­ғасса, қорытындыларға түсінік­теме беруде ҚҚҚ жалпы түйін­деу­лерді ашып көрсететін, тезистермен шектелген.

1 тезис: теңге бағамында айтарлықтай қозғалыстар болмайды

Сұрау салу нәтижеле­ріне сай, бір айдан кейін доллардың орташа бағамы 423,8 теңге құрайды. Сөйтіп, респон­деттердің есептеуінше, күзге қарай ұлттық валютаның құны төмендемек. Пайыздық шамасында азғантай ғана – 1%-ға жуық. Абсолюттік өзгерісін есептер болсақ, оның бағамы айдың аяғына қарай шамамен 4 теңге.
Бірақ ҚҚҚ-дағылар бұның қысқа мерзімді құбылыстар екенін айтады. Таяу 12 айдағы өзгерістерге қатысты нарыққа қатысушы кәсібилердің болжамдары күрт нашарлаған.
Егер шілдедегі сұрау салу барысында бір жылға алдын-ала орташа болжам бір долларға 416,9 теңгені құраса, бір айдан соң енді 440,9 теңге болып отыр. Сарапшылар бұрын бұдан асқан пессимистік болжам жасамаған еді. Тіпті теңгенің сәуірдегі күрт төмендеуі аясында да болжам 438,5 теңге құраған болатын (1-инфографика).
Мына бір қызықты жайт­қа зейін қойыңыз: қауым­дастықтағылар Қазақстан­да рубль бағамы бойынша бол­жамдарды жариялаудан бас тартқан, оның орнына рубль – доллар жұбы бойынша болжамды қалдырған. Сарапшылардың пікірінше, 12 айдан кейін америкалық валютаға шаққанда ресейліктің бағамы 73,2 рубльді құрайды. Ағымдағы бағам – 73 рубльге жуық.

2 тезис: негізді мөлшерлемеөзгеріссіз қалады

Ұлттық банк 20 шілдеде негізді мөлшерлемені 9%-ға дейін, сонымен бірге және дәлізді де +-1,5%-ға дейін тө­мендетуге шешім қабылдады. Бұл шешімді басты қаржылық институт, атап айтқанда, «инфляция алдындағы жұмсарту және а.ж.-дың мамыр-маусым болжам кезеңі аясында күтілгеннен 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында экономикалық белсенділіктің күштірек қысқаруымен» түсін­діреді.

 «Негізді мөлшерлеменің жаңа деңгейі, несиелер құнын азайтып, өсе түскен кредиттік тәуекелдерді айтарлықтай дәрежеде өтеуге мүмкіндік береді. Қолданыстағы шешім қазақстандық экономикаға карантинді қатайту бойынша қабылданған шаралар салдарының әсерін жеңілдетуге және Қазақстан экономикасының өсімін қалпына келтіру үдерісін қолдауға да мүмкіндік бермек», – деп атап көрсетеді Ұлттық банк.
Сарапшылар таяуда, 7 қыркүйекте болатын мәжілісте ештеңе өзгермей­тініне күмәнданбайды. Мұны сұрау салынғандардың 95%-ы растаған. Респонденттердің бұндай бірлігі, біздің ойымызша, респонденттер тарапынан бұрын байқалмаған.

Tenge Monitor

3 тезис: экономика дағдарысқа дейінгі деңгейіне қайта оралмайды

Экономиканы жеделдетуге ағым­дағы мөлшерлеме тым жоғары. Жоқ дегенде, респонденттердің жауаптарынан осындай тұжырым жасауға болады. Олардың пікірінше, таяудағы жылдары республиканың ІЖӨ 1,4%-ға артпақ.
• Бұл, осының алдындағы айларға жоспарланғаннан көбірек. Жалпы алғанда, бағалаулардағы оңды өзгерістер үшінші ай қатарынан байқалып отыр.
• Бірақ бұл, ІЖӨ өсімінің қарқыны 4%-дан асқан, коронавирусқа дейінгі көрсеткіштерден кемірек (2-инфографика).

Tenge Monitor

4 тезис: инфляция мақсатты дәлізден асады

Бағалар өсімінің баяулайтынына сенім, сарапшылар тарапынан, барған сайын ортая түскен. Шілдедегі сұрау салуда олар, таяу 12 айда елдегі инфляция 7,6% құрайды, деп болжаған. Бір айдан кейінгі орташа болжам кәдуілгідей жоғары боп шықты – 7,9%. Бұдан көбірек тек бір-ақ рет – ұлттық валютаның әлсіреу толқыны, 2020 жылдың сәуірінде – респонденттер жылдық инфляцияның 9,4%-ға құлдырауы туралы айтқанында орын алыпты.
Айта кету керек, шілде айының қорытындысы бойынша, инфляция 7,1% құраған. Басқаша айтқанда, сарапшылар бағалардың өсу қарқыны төмендеп қана қоймай, тіпті ағымдағы деңгейінде де қала алмайды, дейді. Инфляция жеделдей түспек (3-инфографика).

Tenge Monitor

5 тезис: ақша-кредит жағдайлары жеңілдеуі мүмкін

Тағы да негізді мөлшерлеме жайында. Сарапшылар Ұлттық банктің оның көлемін қыркүйекте өзгертпейтіні былай тұрсын, сонымен қатар алдағы уақытта оны төмендете де алмауы әбден мүмкін, деп есептейді.
Ақша-кредит саясатын жеңілдетуді сарапшылар ақпаннан бастап болжауда, бірақ әлі бірде бір рет болжамдық көрсеткіш мұнша төмен болған жоқ. Тамыздағы сұрау салудың қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 8,75% құраған. Салыстырар болсақ: шілдеде болжам 9,34% құрапты.
Қарапайым қазақстандықтар үшін бұл нені білдіреді?
Негізді мөлшерлеменің төмен­деуімен қатар банктік депозиттер бойынша пайыздар да төмендейді. Теорияға сәйкес, несиелер бойынша пайыздар да төмендемек.
Экономикадағы ақша көбейе түскесін (заемдар қолжетімдірек болады да, ақшаны сақтауға беру соншалықты тиімді болмайды), әрбір теңгенің құны төмендеп кетеді. Ал бұл инфляцияның өсуіне әкеледі және ұлттық валютаның бағамына кері әсерін тигізеді. Есесіне экономи­калық және өнеркәсіптік көрсет­кіштер теория жүзінде өседі, өйткені кәсіпорындар арзанырақ құрал-жабдықтарға ие болады да, соның арқасында дамуға мүмкіндік алады (4-инфографика).

Tenge Monitor

Исатай ҚАМБАРОВ

649 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Шілде айында 42 500 теңге кімдерге төленеді?
Келесі мақала Елімізден ақша жылыстауы артқан

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *